Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқтөбе облысында жол апатынан көлік екіге бөлініп қалған. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 13 ақпанда Самара-Шымкент тасжолының 705-шақырымында болған.
- «Жол апаты екі көліктің арасында болды. ВАЗ 21144 (Lada) маркалы автокөлігінің жүргізушісі жолды және метеорологиялық жағдайды ескермей, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Opel Vectra автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ВАЗ автокөлігі екіге бөлініп қалған», - деді баспасөз қызметі өкілі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ВАЗ жүргізушісі зардап шекпеген. Opel Vectra жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттарына байланысты жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61