Bugin

Тоқаевқа оффшорлық компаниялар туралы айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тоқаевқа оффшорлық компаниялар туралы айтылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің басшысы Жанат Елиманов мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Капиталдың заңсыз шығарылуына жол бермеу мақсатында департамент қаржы реттеушілерімен бірлесе отырып, күдікті трансшекаралық аударымдарға бақылауды күшейтті» - деді ол.

Тоқаевқа ағымдағы жылы тоқтатылған күдікті транзакциялар саны 3 есеге артқанын, олардың жалпы сомасы шамамен 150 млрд теңгені құрағанын хабарлады. Бұл фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Агенттіктің мәліметінше, шетелде қаражат алуда қалыпты өсім жоқ. Керісінше, биыл шетелге аударылған қаржы көлемі 30 пайызға азайған.