Bugin
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық құжаттар туралы түзетуге қол қойды. Бұл жайлы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
Түзетулер Халықаралық шарттар туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
"Ұлттық мүддемізді барынша қорғауымыз керек. Біз үшін тәуелсіздік, егемендік, шекараның мызғымастығы және аумақтық тұтастық сияқты қасиетті құндылықтарға нұқсан келтіретін қандай да бір келісімдерге ешқашан жол бермейміз. Ең алдымен, біз Қазақстанның мүддесін батыл қорғауға қажет", - дейді Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан.