Bugin
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі "Бензинге (авиациялықты қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсулар қоспасы мен экологиялық отынға арналған акциздердің мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Қаулыда бензиннің акцизі 1 тонна үшін 24 435 теңгеден 38 134 теңгеге арттыру, дизель отынын көтерме саудада өткізуге арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тонна үшін 9 300 теңгеден 35 726 теңгеге дейін ұлғайту көзделген.
Алайда Ұлттық экономика министрлігі акциз мөлшерлемесін көтерілгенімен, баға қымбаттамайды деп сендіріп отыр.
"Жанар-жағармайдың шектік бағасы белгіленгендіктен, баға өсімі болмайды", - деп хабар таратты министрлік.