Bugin

Атом станциясын салуды тезірек бастау керек – министр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атом станциясын салуға ұзақ уақыт кетеді. Шамамен, 10 жылдай уақыт кетуі мүмкін. Станция тұрғызудан бұрын жер таңдау ұзақ уақытты алады. Осылай дейді елдің энергетика министрі Болат Ақшолақов. 

"Ең бастысы – атом станциясының орналасатын жерін анықтау. Оған көп уақыт кетеді. Сондықтан қазір кірісуіміз керек", - дейді Ақшолақов.

Министрдің айтуынша, атом станциясын салудың тәжірибесі әлем елдерінде біршама жинақталған. Талай қателік пен апат болғаны да белгілі.

"Атом бекетін тұрғызуда мұндай қателіктерге жол берілмейді. Жер сілкінісі болмайтын, жанында суы бар, утилизация мен эксплуатацияға ыңғайлы жер керек. Әлі талқылайтын нәрсе көп", - дейді министр.