Bugin
Шойгу мәлімдеді
Ресей әскерінің оқу-жаттығу жиыны аяқталды, қарулы күштердің бір бөлігі кері қайтады. Жартысы Украина шекарасында әлі қалмақ. Осылай деп мәлімдеді РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу. Бұл жайлы Новости РАА жазды.
"Қайта қайталағым келеді. Әскери оқу-жаттығу әлі жалғасып жатыр. Бір бөлігі аяқталды. Бір бөлігі міндетін орындап жатыр. Желтоқсан айында басталған оқу-жаттығу аяқталып қалды", - деді Шойгу президент В.Путинмен кездесуде.
Қорғаныс ведомствасы басшысының айтуынша, биылғы оқу-жаттығу жиыны Ресей Федерациясы тарихындағы ең ірі жиындардың бірі. Беларусь пен орыс әскері бірігіп жаттығу өткізуде.
Жаттығудың келесі кезеңі 20 ақпанға дейін жалғаспақ.
Украина билігі орыс әскерінің шекараға кеп топтасына жаман ырымға балап, дүрлігіп кеткен еді. 2011 жылы қабылданған Вена келісімшартына сәйкес, Мәскеу билігінен әскер тоғытудың себебін сұрап, тез арада әкетуін талап етті. Бірақ Ресей билігі бұған жауап бере қоймады.
Бүгінгі Шойгудың мәлімдемесі – соған жауап берудің амалы сынды.