Bugin

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай ардагерлерге 1 млн теңге төленеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне дейін ардагерлерге 1 миллион теңгеден жәрдемақы төлеу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №2017 қаулысымен бекітілген «Нұр-Сұлтан қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және тізбесін айқындау қағидаларына» сәйкес 221/25-VI, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 67 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (Т205 221) көрсетіледі. Сондай-ақ биылғы жылы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 800 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып жатыр. Осылайша, 18 адамға 1 005 221 теңге төленеді», - делінген хабарламада.

Әзірлеушілер атап өткендей, қосымша бюджет шығыны - 14,4 млн.

«Бұл жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді», - делінген құжатта.