Қоғам

Тоқаев тапсырма берді: Халықтың табысы қалай артады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Халықтың әл-ауқатын жақсартуға кедергі келтіретін негізгі себептер 4 бағыт бойынша жойылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Министрдің айтуынша, Президенттің халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында еңбек нарығына, өмір сүру деңгейі мен кедейлік көрсеткіштеріне, халықтың кірістері мен шығыстарының құрылымына талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша халықтың әл-ауқатын жақсартуға кедергі келтіретін негізгі себептер анықталды.

«Анықталған мәселелерді жою мақсатында бағдарлама 4 бағыт бойынша мынадай кешенді іс-шараларды іске асыруға бағытталатын болады: халықтың еңбек қызметінен түсетін табыстарын арттыру; кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстарды арттыру; жоғары өнімді жұмыс орындарын құру; жұмыс күшінің дағдыларын арттыру. Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу аясында әр түрлі делдалдар мен монополиялық операторлардың комиссиялары мен тарифтерін төлеу бойынша халықтың қосымша шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар пысықталуда. Бүгінгі күні Үкімет кірме жолдарды ұсыну қызметтері бойынша тарифтерді төмендету бағытында жедел шаралар қабылдады. Осылайша, кірме жолдардың ірі теңгерім ұстаушысы болып табылатын «Көліктік сервис орталығы» АҚ үшін тарифтер 92 пайызға төмендеді», - деді министр.