Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comУтилизациялық алым ставкалары ақпан айының соңына дейін өзгереді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Министр кабельді-өткізгіш өнімдеріне утилизациялық алым жинау 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылғанын айтты.
- «Ставкаларды қайта қарауды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп осы айдың соңына дейін аяқтаймыз», - деді Брекешев үкімет отырысында.
Айта кетері, утилизациялық алымды әкімшілендіру және жиналған қаражатқа иелік ету функциялары толықтай мемлекетке тиесілі "Жасыл даму" компаниясына берілді. Компанияның директорлар құрамы бекітілді. Оған қоғам өкілдері кірді.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61