Bugin

Тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан екі шетелдік азамат ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бас прокуратура Алматыдағы тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетелдік азаматтың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Олар 2022 жылдың 4-5 қаңтарына қараған түні қалалық әкімдік ғимаратын басып алуға қатысқан. Сондай-ақ, ғимаратты қорғап тұрған Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қарусыз қызметкерлеріне аяусыз күш қолданғаны айтылады.

- «Полицейлерге арнайы құралдармен (қалқан, таяқша) дене жарақаттары жасалған. Бейнематериалдарды қарау нәтижесінде қылмыскерлердің жеке басы анықталды. Ағымдағы жылдың 1 ақпанында соттың рұқсатымен, олар қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Олардың қылмыстық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздікке қатысу), 380-бабының 3-бөлігінің 1,4-тармағы (Билік өкіліне күш қолдану) бойынша сараланған.

Сондай-ақ, қылмыскерлер 2022 жылдың 6 қаңтарында «Көк төбе» телемұнарасын басып алуды жоспарлап, бейбіт тұрғындарды қылмыс жасауға итермелеп, олардың өміріне қастандық жасамақ болғаны хабарланды. Қылмыскерлер 1992 жылы туған азаматқа шолақ мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші қолынан және шап аймағынан жараланған.

- «Осы қылмысты ұйымдастырушы ұсталды. Бұрын сотталған. 1983 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Оның қылмысы куәгерлердің көрсетулерімен расталып отыр. Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында соттың санкциясымен ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлайды Бас прокуратура.