Әкесі туған қызын бір жыл бойы зорлап келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырауда әкесі туған қызын бір жыл бойы зорлап келген. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы My City сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта педофилге қатысты үкім шықты. Сондай-ақ, ол үйінде оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған.

- «Сотталушының кінәсі куәгерлердің, жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама нәтижелерімен және бейне жазбалармен толық дәлелденді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабы «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарылды. Сондай-ақ, өмір бойына ұстаздық қызмет атқаруға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61