Bugin

Назарбаев әулеті билікке қайта келуі мүмкін бе – Ертісбаевтың жауабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның экс-президенті Н.Назарбаевтың әулеті енді билікке келе алмасы анық. Әулет мүшелерін билікке қанша "тықпаласа" да, одан пайда жоқ. Осылай деді саясаткер Е.Ертісбаев Orda news арнасына берген сұхбатында.

"Назарбаев әулеті толық билігінен айырылды. Мәсімовтің қамалуы тегін емес. Өйткені ол елде ірі толқу болатынын, оған бүкіл халық дайындалып жатқанын білді. Біле тұра ештеңе істемеді. Сондықтан оны "алып тастады", - дейді Ертісбаев.

Саясаткер экс-президенттің елде мұндай ірі дүмпу болатынын өзі де сезбей қалғанын айтады.

"Назарбаев халықтың қалай өзін сонша жеккөретінін білген жоқ", - дейді ол.

Сондай-ақ, Ертісбаев елбасы әулетінің үлкен қызы – Дариға Назарбаеваның дәурені өткенін, соңғы мүмкіндік 2019 жылы туғанын, бірақ оны ол пайдалана алмай кеткенін айтты.

"Дариғаның президенттік сайлауына түсуіне болатын еді. Бірақ оған бармады. Ал қазір мәжіліс депутаты ғана. Сайлауға түсуге мүмкіндігі жоқ", - дейді бұрынғы елші.