Bugin
Қазақстанда көлік бағасы жақын маңда түсе қоймайды. Әлі қымбаттайтыны анық. Осылай дейді "Астана Моторс" Бекнұр Несіпбаев.
Оның айтуынша, елдегі көлік бағасының өсуі не қымбаттауы доллар бағамы мен логистикаға тікелей байланысты. Логистика әлемде қымбаттап бара жатқандықтан, көлік бағасы түсе қоюы екіталай.
"Қытай мен Қазақстанның шекарасы жабық жатыр. Бөлшектерді Ресейдің Владивосток қаласы арқылы алдырып жатырмыз. Егер контейнер Қытайдан тіке 30 күнде келсе, Владивостоктан 40-45 күнде келеді", - деп түсіндірді Несіпбаев.
Оның айтуынша, контейнер тасымалдаудың да құны өскен. Бұрын $3,5 мың болса, қазір $11,7 мыңға көтеріліп кеткен.
"Соның кесірінен көліктің құны доллармен есептегенде 5-7% өсіп кетті. Өкінішке қарай, көлік бөлшектерінің көбін шетелден аламыз. Қазақстанда 30 пайызы ғана өндіріледі", - деп түсіндіреді ол.