Денсаулық

Айранның емдік қасиеті

Айран – темекінің зиянды әсерлерін және С дәрумені жетіспеушілігін жоятын ең маңызды тағам

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Айран құрамы мен қасиеттері бойынша сүтке ұқсас. Бірақ ұйытылғаннан кейін құрамы өзгеріп, пайдалы бактериялардың саны артады. Ағзамызда қордаланған зиянды бактерияларды жойып, иммундық жүйемізді нығайтуда бұл бактериялардың пайдасы зор.

Айранның пайдасын бүгінгі ұрпақ та жақсы біледі. Дәрігерлер әрбір науқастың рационында міндетті түрде айран болғандығы жөн дегенді жиі айтады. Науқас адам сауығу үшін түрлі дәрілерді қабылдайтыны белгілі. Олардың барлығы да пайдалы деп айту қиын. Ішек қызметін бұзып, қарын түктерін қабындырады. Салдары асқазан ауруына алып келеді. Ал сол дәрілерді айранмен бірге қабылдаған адамның жазылуы тез болады. Себебі, айран ағзадағы зат алмасуға қатысып, иммундық жүйенің жұмысын жақсартады. Осы тұста айранның бірнеше емдік қасиетін айта кетсек:

1. Жоғарғы қан қысымы бар адамдар күнделікті тамақтан 30 минуттан кейін күніне 200 мл-ден екі уақыт ішіп отырса қан қысымын біртіндеп төмендетеді.

2. Нерв қызметінің қалыпсыздығынан ұйқының қашуына күнделікті жатар алдында бабымен әзірленген айраннан бір стакан ішіп жататын болса, тыныштандырып , ұйқыңызды жақсартады.

3. Қан аздыққа иммунитет әлсіздікке жақсы әзірленген айраннан күніне екі рет бір стаканнан ішкен жөн. Бұл денсаулықты біртіндеп қалпына келтіріп, иммунитеттің жақсаруына өзіндік оң әсерін тигізеді.

4. Айранды күнделікті ішіп отырытын болсаңыз денедегі артық майды ыдыратып, артық салмақтан арылуға көмектеседі.