Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқын Светқали Нұржан «Қасқа жол» бағдарламасына берген сұхбаты барысында Иманғали Тасмағамбетов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
– 1996 жылы Шайыр деген жерде Әбіш Кекілбаев ағамыз бар, кездесу өтті. Нұржігіт Арықбаев деген ақсақал «Әбіш, шырағым, сен басқарып отырған Парламент ойлы, милы жұмыс жасап отыр еді. Не үшін таратты, не жазып қойдыңдар?» деп сұрады. Көзім тірі мен куәмін, басқа да куәлар бар. Сонда Әбіш ағамыз «Біздің елге биыл өте көп көлемде инвестиция құйылады. Соның кіріс-шығыс есебін Парламентке беруді сұрадық. Оны біз қарамасақ, өліп-талып жеткен Тәуелсіздігіміздің тамырына өзіміз құрт болып түсеміз. Жазығымыз – осы» деп жауап берді. Басынан демократиялық құндылықтар тілде ғана. Сол жылы бұның миллиард доллары бар екені анықталған. Үлкен айғай болды. Халықтың алдына өзін ақтату үшін Иманғали Тасмағамбетовты шығарды. Бұдан да басқа, мысалы, жер мәселесі сияқты шулы жерлерге Тасмағамбетовты лақтырып отыру әдеті еді. Тасмағамбетов оған адал болды. Сол адалдығынан мұның «боғына» батуына тура келді, – деді ақын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61