Bugin

Ертісбаев: «Назарбаев пен Тоқаев үшін бәрі күтпеген жағдай болды»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ермұхамет Ертісбаев «Ответь Бажкеновой» бағдарламасында Кәрім Мәсімовтың шексіз билігі бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «5 қаңтардағы Тоқаевтың жағдайы есіңізде ме? Оған «Президент қызметін таста» деген қатты қысым болды. «20 мың террорист» деген ақпаратты Тоқаевқа сол кездегі ҰҚК басшысы берген. Оны қорқытпақ болған. «Наразылықтың көлемі сұмдық, билік құлауға шақ тұр. Иә, астанадан кету керек» деп, қатты қысым көрсетілді.

Кәрім Мәсімов – өте интеллигент адам. Қу, шебер «патша сарайшысы». Жақсы мағынасында айтып отырмын. 2009-2013 жылдар арасындағы Әбіләзовтің сұхбатын қарап шығыңыздаршы. Әблязов: «Мәсімов Назарбаевтың сеніміне кіріп қана қоймай, билікке өзі келу үшін іргетас қалай бастайды» деуден танбай келді. Тоқаев астыртын сөз байласқандар туралы да айтып қалды. Бұл оқиғалар кезінде Мәсімов, сөз жоқ, шешулі рөл атқарды. Назарбаев пен Тоқаев үшін бәрі күтпеген жағдай болды… Соңғы екі жылда Мәсімовтен бәрі қорқа бастады. Шексіз билігі болды… - деді Ертісбаев.