Bugin

Қазақстан адам бостандығы рейтингісінде 106 орынды иемденді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан адам бостандығы рейтингісінде 165 елдің арасында 106 орынға ие болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы finprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылғы адам бостандығы рейтингісінде еліміз 106 орынды иеленді. Индекс – 6,77 (барлығы 10 балл). Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жақсы.

Индекс жеке және экономикалық салалардағы 82 түрлі индикаторды есепке алып, адам бостандығының кең спектрін анықтайды, оның ішінде заңның үстемдігі, қауіпсіздік деңгейі, құқық жүйесі және меншік құқығы, азаматтық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымның бостандығы, ақпарат, халықаралық сауда және тағы басқа.

Армения, Молдова, Қырғызстан және Украина тұрғындарына Қазақстанмен салыстырғанда еркіндік көбірек берілген. Беларусь, Ресей, Әзербайжан және Тәжікстандағы жағдай Қазақстаннан да нашар.

Адам бостандығы рейтингісі 2021 жылы жасалған. Онда елдегі қаңтар оқиғасы есепке алынбаған.

Рейтингтің көшбасында Швейцария, Жаңа Зеландия және Дания, ал соңында Сирия тұр.

Адамның жеке бас бостандығы саласында Қазақстан 10 балдың 6,24-ін жинады. Осылайша, 165 елдің арасында 118-орынға ие болды.

Жеке бас бостандығының индексі 7 категорияны бағалайды. Өз пікірін білдіру және ақпарат (3,6 балл), азаматтық қоғам, қауымдастықтар мен жиналыстар (4,1 балл), дін (4,8 балл).

Ең жоғары баға қарым-қатынас еркіндігі санаты бойынша берілді – 10 балл. Елдегі экономикалық еркіндік индексі жоғары. Қазақстан 165 елдің арасында 55-орында тұр. Индекс – 6,77 (барлығы 10 балл). Сарапшылар құқық жүйесі және меншік құқығы (5,6 балл), халықаралық сауда бостандығы (7,1 балл), Үкімет мөлшері (7,8 балл) сынды санаттарға жоғары баға берді. 

Биыл 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес Қазақстанда 19,1 млн адам тұрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артық. Қалаларда халық саны жылына 1,8%, 11,4 млн адамға дейін, ауылдарда жылына 0,5%, 7,8 млн адамға дейін өсті.

Халық тығыз қоныстанған өңір – Алматы облысы. Мұнда бір жылда халық саны 1,5% немесе 2,11 млн адамға дейін өскен.

Үздік үштікке Түркістан облысы (2,08 млн адам, бір жылда плюс 1,5%) және Алматы (2,03 млн адам, бір жылда плюс 2,4%) енді.

Халықтың саны Солтүстік Қазақстан облысында аз (537,1 мың адам), өткен жылмен салыстырғанда 1,2%-ға аз.