Bugin
Ресей парламентінің төменгі палатасы мемлекеттік дума президент Владимир Путиннен Украина шығысындағы екі облысты тәуелсіз мемлекет ретінде танып, қаулы қабылдауды сұрады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azaееyq.org сайтына сілтеме жасап.
Кремльшіл "Единая Россия" партиясының мүшесі мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володиннің айтуынша, 15 ақпанда депутаттар осындай өтініш жасағаннан кейін ол құжатқа қол қойып, құжатты бірден Путинге жіберген.
Украинамен шекарада Ресей әскері көбейіп, Мәскеу көрші елге басып кіре ме деген қауіп үдеген шақта Путин құжатты мақұлдаса, бұл Ресей мен Батыс арасындағы жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін дейді сарапшылар. Ресей әскери операция жоспары барын жоққа шығарады және Батысты дағдарысты қолдан жасап отыр деп айыптайды.
Сарапшылардың пікірінше, өзін "республика" деп жариялап алған Донецк және Луганск халық республикаларын Мәскеу "жеке мемлекет" ретінде мойындаса, Украина шығысында Минск бейбіт келісімінің де күші жойылады. Украина үкіметі мен Мәскеу қолдайтын сепаратистер арасындағы қақтығыстан 2014 жылдан бері 13 200-ден астам адам қаза болған.
Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі өкілі Жозеп Боррельдің айтуынша, екі облыстың "тәуелсіздігін" мойындау Минск келісіміне қайшы.