Редактор бағаны

Студент болуға дайынсыз ба?

Ал сіз студент болу үшін білу керек дүниелеріңіз қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Байқайсыз ба, көптеген адамның ең қызықты шағы – студенттік кезі. Осы студенттік кезіңіз қандай боларын сізде білмейсіз? Ал, сіз студент болу үшін білу керек дүниелеріңіз қандай?

Мектеп қабырғасынан әрбір жанның арман қуып, мақсат жетелеп колледжге немесе университетке оқуға түседі. Барлығы жан қалауымен, жүрек таңдауымен түспеуі де мүмкін. Алайда, жаңа орта, өзге өлке, тіпті, ата-анаңызда жаныңызда болмайды. Өзіңіз өмір сүретін кезіңіз келді. Байқайсыз ба, көптеген адамның ең қызықты шағы – студенттік кезі. Осы студенттік кезіңіз қандай боларын сізде білмейсіз? Ал, сіз студент болу үшін білу керек дүниелеріңіз қандай? 

Біріншіден, мектеп қабырғасынан қаланған – білім деңгейіңіз. Мейлі, сіз ашық-жарқын, ортаның гүлі болсаңызда, адам өміріндегі ең үлкен қажеттілік – білімділік. Сізге кітап оқып, көзілдірік тағып қалған болыңыз демеймін. Алайда, мектепте қаланған «фундамент» болса соның өзі жеткілікті. Сіздің білім деңгейіңіз жоғары болған сайын, жаңа өмірге қадам басуыңызда жеңілдене түспек. Демек, алдымен білімді болуға талпыныңыз.

Екіншіден, өнерге талпыну. Яғни, сіздің бойыңызда тым болмаса бір өнер болса, жарыстарға шығып, сайыстарға түсе аласыз. Бұл сіздің имидждік қалыптасуыңызға айтарлықтай әсер етеді. Егер, өнер көп болса, көп ортаға бейімделіп кетесіз. Ән айтар дауысыңыз болмаса, гитара немесе өзге музыкалық аспаптарды  үйренуден қашпаңыз. Әрине, адам бойына берілер таланттың орны бөлек. Алайда, сізде өнер үйренуге мүмкіншілік болса, оны міндетті түрде пайдаланыңыз.

Үшіншіден, тіл үйрену. Адами және заманауи тұрғыдан алғанда да тілді меңгерудің пайдасы ұшан теңіз. Оқуда болсын, өзге жерде болсын шексіз пайдасы бар. Әсіресе, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген жанға ғылымның кең жолы ашылып, қолыңызға жарық шам алғандай боласыз. Әрине, тіл үйрену деген өте қиыншылығы мол, азабы көп жұмыс. Әйтсе де, тигізер пайдасының қасында түкте емес болып қалады. 

Төртіншіден, мінезді болу. Ашушаң, қызғаншақ, ұрысқа бейім болыңыз демеймін, керісінше өзіндік сабырлы, ұстамды және аз сөйлейтін жан болыңыз. Өз қадіріңізге де тікелей қатысты. Сол мінезге сай жүріс-тұрыс, өзіндік іс-әрекеттеріңіздің болғаны дұрыс. Кез келген дүниеге жауапкершілікпен қараңыз. Мектепте талап етілмейді, бірақ, жоғарғы оқу орнында сізден қатаң түрде талап етіледі. Және соған байланысты,ортаңыздағы қадір-қасиетіңіз де қалыптасады. 

Бесіншіден, сөйлей алу. Көп адамдар мектептен тұйық болып қалып кетеді де өмір бойы солай өтеді. Сіз өз ойыңызды анық және ашық жеткізе білуіңіз керек. Ешкім сіздің ыңылдап тұрып айтқан сөзіңізді тыңдамайды. Ортада сөйлеуге ұялмаңыз, бірақ не айтарыңызды біліңіз. Ойсыз сөз, жүйесіз әңгіме болады да тыңдаусыз қалады. Ашылып, еркін және шешен тілде сөйлей алсаңыз, бқл сізге плюс болады. Сонымен қатар әртүрлі дүниелерге өзіндік пікіріңіз болуға тиісті. Жеке пікір бұл сіздің жеке имиджіңіз. 

Осы аталған дүниелерге дайын болып студенттік өмірге қадам бассаңыз жаман болмайсыз. Және өз ортаңызда қызықты да көңілді күндер өткізуге мүмкіндігіңіз жоғары болады. Жаңа өмірге жан-жақты дайындықпен келу бұл сіздің қиындықққа кезікпей және ортадан бөлектенбей өтуіңізге септігін тигізеді. Студент болуға дайынсыз ба? Дайын болмасаңыз, іске кірісіңіз.