Bugin

Сұлтанов «Алтын Орда» базарының Болат Назарбаевқа тиесілі екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауда және интеграция министрлігі Алматыдағы «Алтын Орда» базарының Болат Назарбаевқа тиесілі екенін растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ведомство басшысы Бақыт Сұлтановтың үкімет отырысында сөйлеген сөзінде белгілі болғандай, «Алтын Орданың» иесі «ҚҰРЫЛЫС LTD» ЖШС болып табылады. Бұл ЖШС-ның жалғыз құрылтайшысы - Болат Назарбаев екені белгілі.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша, базардың сауда алаңы 218 151 шаршы метрді құрайды. Орташа айлық тауар айналымы - 147 миллион теңге.