Bugin

Ауыр жағдайда табылған 4 науқас бала: Үкімет Екібастұздағы жағдайға назар аударды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үкімет екібастұздық төрт балаға қатысты жағдайға назар аударды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Екібастұздағы пәтерлердің бірінен отбасылық жағдайы төмен отбасы табылды. Қазір оларға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Құзырлы органдар көмекке мұқтаж балалар мен олардың ата-аналарын жергілікті атқарушы органдар неліктен елеусіз қалдырғанын анықтау шараларын жүргізуде», - деді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Вице-премьер өз сөзінде «Балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты» екенін де атап өтті.

«Бүгінде елімізде 6,3 миллион бала бар. Бұл - Қазақстан халқының 32 пайызын құрайды. Ал біз әрбір баланың өміріне жауаптымыз», - деді Тоғжанов.