Bugin
Қаламқас кен орнындағы «Ақтаурантехсервис» ЖШС сервистік компаниясының қызметкерлері видеохабарлама түсіріп алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Олар қаңтар оқиғасы алдында қойған талаптарының әлі орындалмай жатқанына наразылық білдірді.
Қызметкерлер Президент, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа үндеу жасады.
Мұнайшылар не қалайды?
- Адамдарды тергеу мен жалған айыптауды тоқтату;
- «Ақтаурантехсервис» ЖШС «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына енгізілсін;
- «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-на қарасты мекемелердегі жалақыны теңестіру.
«Талаптарымыз таңғы сағат 7-ден 9-ға дейін шешілмесе, жұмысты тоқтатуға мәжбүр боламыз», - дейді мұнайшылар.
Айта кетейік, ақпан айының басынан бері Маңғыстау облысының мұнайшылары халықты жұмыспен қамтуды, жалақыны көтеруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.