Bugin
Қазақстанда утильсалық жойылса да, көліктің арзандауы екіталай. Өйткені қазақстанның көлік нарығы үлкен емес, әлемдік автопромдар арзан бағамен көлік жібере алмайды бізге. Осылай дейді "Вираж" компаниясының директоры Ермек Ескергенов.
"Утильалым азайтылды дегеннің өзінде көлік бағасы бірден арзандай қоймайды. Біздің компания утильалым, құн салығын төлемейді. Елдің ішіндегі өндіріс болғандықтан, кеден салығын да төлеп жатқанымыз жоқ. Соның өзінде көліктің бағасы ұшып тұр. Ал шетелдік ірі автокөлік компаниялары Қазақстанға үлкен көлемде автомобиль жібере алмайды. Өйткені еліміздің нарығы өте кішкентай. Ал өнім көп көлемде келмегесін, бағасы да арзандап келмесі анық. Оған утильалым, кеден мен құн салығын қосыңыз. Біздің бағамен бірдей болады", - деп түсіндіреді Ескергенов.