Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстандық шенеуніктерге көп табыс тауып, мол ақша шашқаны үшін айыппұл салынуы керек. Әрі шенеуніктің көлеңкелі жолдармен табыс табуына жол бермеу қажет. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов мәжіліс отырысында осындай ұсыныс айтты.
"Жемқорлықпен күрес жайлы заң жобасын дайындап шықтық. Құжатта шенеуніктердің жасырын жолмен баюына жол бермеу мәселесі қаралған. Шенеуніктердің жасырын жолмен байып жатқанын бәріміз білеміз. Туыс-туғанына активтерін жаздырып қояды да, ел қазынасынан ақша ұрлайды. Міне, біз соны дәлелдеуіміз керек. Ал ол оңай емес", - дейді Ахметжанов.
Сондықтан шенеуніктерің мол ақша жұмсап, жалақысынан қымбат киім-кешек пен жылжымалы мүліктер сатып алғаны белгілі болса, соған сай жаза берілуі тиіс.
"Егер шенеуніктің табысы мен жұмсалған ақшасының арасындағы айырма 1000 АЕК (3 млн теңге) болса, онда санкция салудың амалдары қарастырылады. Яғни, табысының 90 пайызы айыппұл түрінде ел қазынасына қайтарылады. Ортадағы шығын жылдық табыстан аспауы тиіс", - деп түсіндіреді төраға.
Аталмыш заң 2023-2024 жылдары енгізілгені отырған табыс декларациясының түзілуіне негіз болмақ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61