Bugin
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа есткерткіш қоюды ұсынған Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Елбасының өкілетін алып тастауды не үшін қолдағанын айтты.
Парламент ғимаратында "Азаттық Радиосы" Мәди Ахметовтен жауап алды, деп жазады Orda.kz
"Бұл жерде мен ашқандай қарама-қайшылық көріп тұрған жоқпын. Бұл – заңды процесс. Заң бір қатып қалған дүние емес. Мына болып жатқан саяси жағдайларға байланысты оған өзгерістер енгізіледі", – деді жас депутат.
Сонымен қатар, ол Назарбаевқа ескерткіш қою керек деген ұстанымы туралы айтты.
"Ұсыныс айтылды. Бірақ бұл қойыла ма, қойылмай ма? Бұл болашақтың еншісінде. Уақыт көрсетеді", – деп түйіндеді Ахметов.
Айта кетейік, 2 ақпан күні мәжіліс депутаттары Елбасының өкілетін қысқарту туралы заңға қолдау білдірген еді. Олардың қатарында жас депутат Мәди Ахметов бар еді. Ал оған дейін Ахметов елбасының еңбегі ерен деп оған ескерткіш қоюды ұсынған.