Bugin

Елордада экстремистік топ мүшелері ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласы сотқа дейінгі тергеу шеңберінде деструктивті діни ағым ұстанушылар тобын құрықтады. Бұл жайлы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Олар Қазақстан аумағында сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымға қатысты және экстремистік әрекет ұйымдастыру үшін адамдарды тартты деген күдікке ілінген. 

Ұсталғандардың екеуінің жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны және ұрлық үшін сотталғандығы бар.

Тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізу кезінде экстремистік мазмұндағы әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Тергеу іс-қимылдары жалғасуда.