Bugin
Алматы әкімдігі 8 наурыз күні қалада өтетін Әйелдер шеруіне бұдан былай қарсылық танытпай, ұйымдастырушыларға «митингке рұқсат етілді» деп жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
- «Әкімдікке митинг өткізу туралы хабарлама мен өтініш келіп түсті, ал 9 ақпанда «шеруді ұйымдастыруға рұқсат етіледі» деген жауап жіберілді», - деп хабарлады шеру ұйымдастырушылары ресми парақшасында.
8 наурызда өткізілетін шеруді ұйымдастырушы комитеттің құрамына Фариза Оспан, Лейла Зулейха Махмудова, Татьяна Чернобыль, Мира Унгарова, Жәмилә Қасымхан, Гүлзада Сержан және Жанар Секербаева (Қазақстанның феминистік бастамасы Феминита), Елена По Иванина («Ф») және Арем По Иванина («Ф»), Осиновская (KazFem) кіреді.
- «Биылғы шерудің және бейбіт жиынның тақырыбы - әйелдердің мемлекеттік істерді басқаруға қатысуы», - делінген хабарламада.