Bugin
Ресей Еуропамен арада соғыс болғанын қаламайды. Бұл туралы президент Владимир Путин Германия канцлері Олаф Шольцпен келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Бұл жерде бізге ұнайды ма, жоқ па? Мәселе сонда. Әрине, жоқ!» - деді Путин.
Ол Мәскеуді ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында келіссөздер жүргізу туралы ұсыныстар енгізуге итермелеген соғысқа қарсы көңіл-күй екенін айтты.
Путин сондай-ақ осы баспасөз мәслихатында Ресейдің Украинаның НАТО-ға кіру ниетіне қатысты мәселені тезірек және бейбіт жолмен шешкісі келетінін атап өтті.
Сонымен қатар, ол Мемлекеттік Дума депутаттарының ДХР мен ЛПР-ны тану туралы өтінішіне жауап берді. Ол өз жауабында Донбасс мәселесін шешуде ең бастысы Минск келісімдерін сақтау екенін атап өтті.