Bugin

Жаңаөзендегі кәсіпорын жұмысшылары Президентке қайта жүгінді (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңаөзендегі «КаспийПрофСнаб» ЖШС қызметкерлерінің Мемлекет басшысына жасаған алғашқы бейнеүндеуінен еш нәтиже шықпады. Жұмысшылар ел Президентіне екінші рет бейнеүндеу жасады. Бұл туралы Bugin.kz порталы lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алғашқы бейнеүндеуден кейін «КаспийПрофСнаб» ЖШС қызметкерлерінің айтуынша, Мемлекет басшысы ағымдағы жағдайды реттеп, мәселені бейбіт жолмен шешуді тапсырды.

Мұнан соң әкімдік өкілдері мен кәсіпорын басшылығы «КаспийПрофСнаб» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Олар барлық мәселелер шешімін тауып, мәселелері «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-да талқыланатынына уәде берді.

15 ақпанда Алик Айдарбаев Жаңаөзенге келген кезде «КаспийПрофСнаб» ЖШС қызметкерлері оған өз мәселелерін шешу туралы сұрақ қойған. Ол оларға бұл істен хабарсыз екенін айтты.

«КаспийПрофСнаб» ЖШС қызметкерлері енді билік пен әкімдікпен диалог жүргізудің мағынасы жоқ деп шешіп, Президентке қайта жүгінді.

Еске салайық, бірінші бейнеүндеуде «КаспийПрофСнаб» ЖШС жұмысшылары оларды ҚазГЗЗ-дағы штаттық қызметке алуды талап еткен.