Bugin

Дариға Назарбаеваның құдасы Алматылықтарға уәде берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қайрат» футбол клубының иесі, кәсіпкер Қайрат Боранбаев осыдан төрт жыл бұрын жаңа стадионның жобасын ұсынамын деп уәде еткен еді. Ол өзінің Instagram парақшасында «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Нұралы Әліптің «Зенит» құрамындағы тұсауы кесілген видеоны жариялап, оған сәттілік тіледі. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

Комментарийде желі қолданушылары Алматыға стадион қажет екенін айтты. Ал, кәсіпкер оларға «стадионды мен саламын» деп жауап берді.

Еске сала кетейік, Боранбаев Алматыдағы жаңа стадионның жобасын осыдан төрт жыл бұрын, 2018 жылы ұсынған болатын.