Bugin

Атом станциясын салу қашан шешіледі – министрдің жауабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда атом электростанциясын салу туралы шешім осы жылдың соңына дейін қабылданады. Бұл жайлы ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов айтты.

Оның айтуынша, АЭС-тің қай жерде салынатыны әлі белгісіз. Әзірше үш-төрт жер қаралып жатыр. Алматы облысындағы Үлкен ауылы, ШҚО-дағы Курчатов қаласы және Ақтау қаласының маңы. Осы үшеуінің біреуі таңдалуы мүмкін.

"Атом станцияның қандай мөлшерде болатыны әлі белгісіз. 2022 жылы шешім қабылданып бітеді деген ойдамыз", - дейді Нұрмағамбетов.

Министрліктің дерегінше, Қазақстанда электр энергияның жетіспеушілігін шешу үшін қуатты атом станциясын салу қажет. 2035 жылға дейін қуаттылығы 2,4 ГВт болатын атом станциясы салынуы мүмкін.