Bugin
2022 жылы, жаңа оқу жылынан бастап Қазақстандағы мектептерде «өзін-өзі тану» міндетті емес, таңдау пәні ретінде оқытылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Ұлттық білім академиясы аталған міндетті пәнді мектептерде келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді. Яғни қыркүйектен бастап «өзін-өзі тану» пәнін бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланып жатыр», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы – Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева. Пән алғаш рет 2001 жылдан бастап сынақ жоба ретінде Қазақстанның мектептеріне енгізіле бастады. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап «Өзін-өзі тану» міндетті пән ретінде енгізілді.