Маңғыстауда мас күйінде көлік басқарған әкім жұмысынан босатылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстауда көлікті мас күйінде басқарып, көпшіліктің наразылығын тудырған Форт-Шевченко ауылының әкімі жұмысынан босатылды. Әдеп кеңесінде оның ісі қаралып, комиссия мүшелері осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Айта кетейік, 4 қаңтар күні бұрынғы шенеунікті «Ақтау - Форт-Шевченко» тас жолының 3 шақырымында келе жатқанда полицейлер тоқтатқан. Шалқыбай Әзірбаевқа жүргізілген медициналық сараптама нәтижесінде жеңіл дәрежеде мас күйде болды деген қорытынды берілген. Осы оқиға бойынша түсірілген видео әлеуметтік желіде де белсенді талқыланды. Көпшілік әкімнің ерсі қылығын сынап тастады. Осыған дейін экс-әкімнің ісі сотта қаралып, 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы үкім шығарылған еді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61