Bugin
Назарбаевтың күйеу баласы, «Қамқор Локомотив» ЖШС үлесі бар Тимур Құлыбаев оны ресейлік «Трансмашинхолдинг» ЖШС холдингіне сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Тимур Құлыбаев өзінің «Joints Technologies» ЖШС компаниясы арқылы «Қамқор Менеджмент» ЖШС холдингінің үлесіне ие, оның құрамына 9 компания кіреді:
- «Қамқор Локомотив» ЖШС;
- «Қамқор Вагон» ЖШС;
- «Теміржол жөндеу» ЖШС үш компаниясы;
- «Теміржолэнерго» ЖШС;
- «Локомотив 2030» ЖШС;
- «Қамқор Сервис» ЖШС;
- «ТЭК-Қазақстан» ЖШС.
«Қамқор Менеджмент» ЖШС құрылтайшыларының қатарында Тимур Құлыбаевтан басқа Тимур Құлыбаевтың бұрынғы жеке көмекшісі әрі кеңесшісі, немере інісі Әлібек Құлыбаев та бар.
Айта кетейік, ресейлік «Трансмашхолдинг» ЖШС холдингі қазірдің өзінде бірнеше қазақстандық теміржол компаниясына иелік етеді.