Қоғам

Алматыда тағы да митинг өтпек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

26 ақпан күні Алматыда қаланың экологиялық ахуалына билік назарын аудару мақсатында санкцияланған митинг өтпек, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Алматы әкімдігі митинг 12.00 -ден 14.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов атындағы гүлзарда - Шевченко көшесіндегі Ғылым академиясы ғимаратының алдында өтетінін хабарлады.

Белсенділердің сөзінше, қаланы басып тұрған көк түтін тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізуде.

«Әрбір алматылық, сондай-ақ қала қонақтары тауға шыққан кезде қаланы қалың «сұр тұман» басып тұратынын көрген шығар. Расында, біз бәріміз осы ауамен дем аламыз. Экологиялық апат адамдардың табыс деңгейіне, кәсібіне, жасына, этникалық және гендерлік ерекшелігіне, саяси көзқарасына қарамастан, барлығына қауіпті. Бұл мәселе біздің сүйікті қаламыздың барлық тұрғындары мен қонақтарына да қатысты», - делінген Instagram желісіндегі жазбада.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61