Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҮндістанның солтүстігіндегі үйлену тойында 13 әйел кенет құдыққа құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, әйелдер халық көп тұратын Уттар-Прадештегі Кушинагар ауданындағы үйлену тойына барған. Шараға қатысушылар дұға ету үшін ғимарат маңына жиналған. Олар құдықты жауып тұрған темірге отырған. Кенет олардың салмағы басып кетіп, бәрі ішіне қарай құлап кеткен.
Ер адамдар зардап шеккендерге көмектесуге тырысқан. Құтқарушылар кем дегенде 16 әйелді алып шыққан, бірақ үш әйел ғана аман қалған. Полиция қызметкерінің айтуынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30 шамасында болған.
Аудан басшысы Кушинагара Раджалингам құдықтың ескі екенін және темірде отырғандардың салмағын көтермегенін айтты.
«Құрбандар төменге құлап кетті», - деді Раджалингам.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Twitter-де құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
«Қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Жергілікті әкімшілік барлық жағынан көмек көрсетуге дайын», - деді ол.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61