Bugin
Қырғызстандық депутат Нұржігіт Қадырбеков Балапан арнасының кесірінен қыздарының қазақша сөйлейтініне шағымданды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kaktus.Media сайтына сілтеме жасап.
«Депутат Нұржігіт Қадырбеков қыздарының қазақша сөйлей бастағанын айтып шағымданды. Бұл туралы ол бүгін, 17 ақпанда Жогорку Кенеш отырысында айтты. Оның айтуынша, қыздары қазақ тілінде ғана хабар тарататын «Балапан» арнасын көріп, тез үйреніп алған», - делінген хабарда.
Сонымен қатар ол Қырғызстандағы жергілікті балалар телеарнасын да сынға алды.
«Біздің «Баластан» арнасы жартылай орыс тілінде хабар таратады. Ал балалар мемлекеттік тілді меңгеруі үшін арнаны толығымен қырғыз тіліне аудару қажет», - деді Қадырбеков.