Назарбаевтың 30 жыл бойы сіңірген еңбегін ұмытпауымыз керек - Тоқаев

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Әлеуметтік желілерде Тұңғыш Президентіміз туралы түрлі пікірлер айтылып жатыр. Мемлекет басшысы ретінде мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы 30 жыл бойы сіңірген еңбегін ұмытпау керек деген пікірдемін. Бұл тарихқа құрметсіздік болар еді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - мемлекеттігіміздің іргетасын қалап, елді нығайтуға зор үлес қосқан адам.

Оның қызметіне объективті баға беруге міндеттіміз. Тұңғыш Президенттің кемшіліктері болса, оны жас көшбасшыларға тәрбие ретінде қабылдауымыз керек.

Қаңтар оқиғасы еліміз үшін де, жеке өзім үшін де үлкен сабақ болды. Тиісті қорытындылар жасалды. Қазір елімізде болып жатқан саяси шешімдер - соның нәтижесі. Бұны барлығы көріп-біліп отыр деп ойлаймын», - дейді Тоқаев.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61