Bugin

Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары үйқамаққа жіберілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Ғалымжан Ниязов 24 наурызға дейін үйқамаққа жіберілді. Бұл туралы Bugin.kz порталы облыстық тергеу сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеушінің өтініші бойынша Ғалымжан Ниязовтың «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы 16 ақпанда «үйқамаққа» ауыстырылды.

Ниязовтың 4 ақпанда қамауға алынғаны туралы хабарланған болатын.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Оның соңы ауыр зардаптарға алып келген.