Bugin

Мемлекет Құлыбаевтың басқаруындағы комитетті қаржыландыруды доғарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет Ұлттық Олимпиада комитетін қаржыландыруды тоқтатады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы құжат бұған дейін желіде жарияланған. Ол бойынша келісім 1 сәуірде бұзылады, осы күннен бастап спортқа бөлінген мемлекеттік қаражатты басқару тоқтатылады.

Спорт комитетінің баспасөз қызметі құжат бар екенін және шарттың бұзылу фактісін растады, алайда оған түсініктеме 25 ақпанда, министрліктің Олимпиада ойындарының қорытындылары бойынша Ұлттық Олимпиада комитеті өкілдері қатысатын отырысынан кейін болады деп атап өтті.

Айта кетейік, ҰОК-ты Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, миллиардер Тимур Құлыбаев басқарады.