Bugin
Кеше «Ел болашағы» атты саяси қозғалыстың құрылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда, бұл ақпаратты журналист Ермұрат Бәпи жоққа шығарды. Тоқаевтың атына үндеу жасағандардың құрамында белгілі саясаткер Мұхтар Жәкішев те бар. Саясаткер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қозғалыстың құрылуына байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Мұхтар Жәкішевтің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
- «Қоғамның көзқарасы сенікімен бірдей болғанда ғана қоғам атынан сөйлеуге болады. Оны сіздердің берген дауыстарыңыз көрсетеді. Әрбіріңіздің пікіріңіз маңызды. Өзімнің жеке пікірімді айтсам, қазақстандықтар алдағы уақытта өз талаптарын өркениетті түрде, Конституцияда бекітілген жолдар арқылы, яғни сөз бостандығы, тәуелсіз партиялар құру, парламент депутаттарын сайлау, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттарын сайлау арқылы жеткізе алуы керек. Бұл үшін саяси реформалар жүргізу қажет. Әйтпесе, Қаңтар трагедиясы қайталануы мүмкін», – деді ол.
Мұхтар Жәкішевтің парақшасындағы жазбаға әлеуметтік желі қолданушылар белсенді түрде пікір білдіруде. Құжаттың жазбаша нұсқасы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланды.