Bugin

Саясаттанушы Тоқаев туралы: «Оны айтса «саяси өлік» болар еді» (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Саясаттанушы Асхат Асылбеков қаңтар оқиғасы кезінде Тоқаевтың ҰҚШҰ әскерін не себепті шақырғанын айтты. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

- «Біріншіден, ұмытпайық Тоқаев өмір бойы дипломат болып істеген. Дипломат болғаннан кейін оның миына сіңіп кеткен. Ол кей нәрсені тік айтпайды, сыпайы түрде айтады. Бірақ, осы жағдайда мен Тоқаевты қолдадым. Не үшін? Үндеуінде: «Мен ешқайда кетпеймін. Мен елордада қаламын» - деді. Сол сөзінің үлкен мағынасы бар. Ол оны халыққа емес, қақтығысты ұйымдастырған адамдарға қарсы айтып отыр. Оны билігі бар, үлкен адамдарға айтып отыр. Сосын, «атуға рұқсат беремін» - деді. Меніңше Тоқаев ондай адам емес. Өзі БҰҰ-да істеген адам. Халыққа емес, содырларды жоямын деп айтып отыр. Екі күн ішінде әскер, генералдар жоқ, МВД тарап кетті. КНБ-нің өзі жоқ боп кетті. Сонда ол түсінді. Мен президентпін, бірақ менде армия жоқ, мені МВД, генералдар тыңдамайды. Оны айта алмады. Ол оны айтса өзі «саяси өлік» болар еді. Сол үшін ҰҚШҰ-ны шақырып отыр» - деді саясаттанушы.