Bugin
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс IX съезінде төралқаның жаңа төрағасы болып Райымбек Баталов тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Көп нәрсені өзгерту керек екені түсінікті. Спикерлер айтқандай, бұл бірнеше айға созылады. Оған келісемін. Біз қазір сайлайтын президиум және жаңа палатада жаңа жарғы, жаңа заңмен сайланатын төралқа - бұл басқа палата, өзара қарым-қатынас жүйесі болады. Мүмкін ол басқаша аталуы мүмкін», - деді Баталов дауыс беру алдында.
Палата мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде Баталов «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасына 248 адам дауыс берген.