Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары туралы айтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасы бойынша алдын ала тергеу жұмыстарының қорытындыларын наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жариялайтынын жоспарлап отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген кешегі сұхбатында айтқанындай, халықтан ештеңені жасырып қалмайды. Барлық ақпарат жария етіледі. Қазір тиісті органдар ауқымды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұған біраз уақыт керек», - деп жазды ол.
Оның айтуынша, Президент наурыздың ортасында жасайтын Жолдауында саяси реформалар бойынша өз бағдарламасын ұсынады.
«Сондай-ақ Мемлекет басшысының кешегі сұхбаты көрермен қауымның зор қызығушылығын туғызғанын атап өткім келеді. Бұл еліміздің ақпарат кеңістігіндегі маңызды тақырыпқа айналып үлгерді деп айтуға болады. Оған әлемнің жетекші агенттіктері белсенді түрде сілтеме жасап жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы қатты суық тигізіп алғанына қарамастан, берген уәдесінде тұрды. Президент отандастарымыздың аталған мәселеге ерекше алаңдап отырғанын ескеріп, ұлттық телеарнаның тілшісіне беретін сұхбатын кейінге шегермеді», - деді Берік Уәли.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61