Қоғам

«Қанды қаңтар»: Көз жұмған және жарақат алған балалардың саны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен кәмелетке толмаған балалардың санын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезеңінде медициналық ұйымға 2 740 зардап шегуші жүгінген. Оның ішінде 1 843 адамға амбулаторлық көмек көрсетілсе, 897 адам ауруханаға жатқызылған. Оның айтуынша, бүгінде 891 науқас емделіп шыққан.

«Медициналық ұйымдарда 177 адам қайтыс болды. Бүгінде алты адам ауруханада емделіп жатыр. Алматы мен Қызылордада үш науқастың жағдайы ауыр, біреуі оқ жарақатын алған, емделіп жатыр. Үш облыста кәмелетке толмаған балалар зардап шеккен. Алматыда екіуі оқ жарақатынан қаза болды, жетеуі түрлі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде төрт жасөсіпірм Алматы қаласында, екеуі Алматы облысында және біреуі Жамбыл облысында. Сондай-ақ, Алматы облысында бір жүкті әйел газдан зардап шекті», - деді Байсеркин.