Bugin

Бас прокуратураға Кәрім Мәсімов пен күйеу баласын жауапқа тарту туралы арыз түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Бас прокуратурасына ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның күйеу баласы Азамат Қапеновты жауапқа тарту туралы арыз түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжат авторы – заңгер Серік Хасенов. Ол Кәрім Мәсімовтің күйеу баласының адвокаты болған. Атап айтқанда, ол Анатолий Балушкинмен «Азия Авто Қазақстан» автокөліктерін толық құрастыру зауытын сатып алу туралы мәміле жасауға көмектескен. Алайда бизнес активтерін беру бойынша мәміле жасалғаннан кейін адвокатқа қатысты ҰҚК-де «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, Серік Хасенов 100 күнді тергеу изоляторында өткізіп, кейін өзінің кінәсіздігін дәлелдеген болатын.