Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҰлыбритания инвестиция құйған шетел азаматтарына беретін "алтын виза" бағдарламасын тоқтатты. Бұл жөнінде ішкі істер министрі Прити Пател айтты. Бұл туралы Bugin.kz сайты Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
"Біздің көші-қон жүйесін теріс пайдаланған жайттарға көз жұма қарай алмаймын" деді Пател. Ол "лас ақшасын таратып, ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретін жемқор элитаның жолын кесетінін" айтты.
Оның сөзіне қарағанда, "алтын визаның" күшін жою – "алаяқтық пен заңсыз қаражатпен күрестің басы ғана".
Бұған дейін "алтын виза" бағдарламасының тоқтайтынын Financial Times пенThe Times те жазған. Басылымдардың жазуынша, Украина төңірегінде жағдай ушыққан шақта Ұлыбритания Ресей басшысы Владимир Путинмен байланысты ақша мен активтердің елге кіргізілгенін қаламайды.
Десе де, бейсенбі күні ішкі істер министрі Прити Пател шешім барлық елден келетін өтініш иелеріне қатысты екенін айтты.
Financial Times басылымының мәліметінше, Лондон 2021 жылдың қыркүйегіне дейін бір жыл ішінде шетел инвесторларына 798 виза берген, 82-і Ресей азаматы. Осы аралықта 210 Қытай азаматы "алтын виза" алған.
Ресми мәлімет бойынша, "алтын виза" Қазақстаннан шыққан байларға да берілген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61