Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАтырауда көпбалалы ананы өлтірді деп айыпталған 25 жастағы жігіт 10 жылға сотталды. Ол қылмысын қатаң режимдегі колонияда өтейді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
Үкімді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған. Тергеу барысында марқұмның денесіне жиналмалы пышақпен 8 жерден ауыр жарақат салынғаны анықталды. Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан. Сот үкімін тыңдауға айыпталушының ғана туыстары келді. Жәбірленуші тарап онлайн қатысты.
«Сотталушы жәбірленушінің құқына қасақана қазаға әкелгені толықтай дәлелін тапты. Сотталушы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өз еркімен кінәсін мойындап, полиция бөліміне келген және қылмыс қаруын өзі тауып берген. Өзі ұсынған. Қылмыстың ашылуына белсенді атсалысқан», - деді Атырау облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Зарина Хамидуллина.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61