Әлем

Путиннің Украинаға шабуыл жасайтынына сенімдімін - Байден

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға басып кіруге шешім қабылдағанына сенетінін Ақ үйдің YouTube-каналындағы брифингінде айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Мен Путиннің шешім қабылдағанына сенімдімін», - деді Байден.

Журналистер Байденнен Владимир Путиннің Украинаға басып кіру туралы шешім қабылдағанына сенеді ме екенін анықтап сұрады. «Иә», - деп жауап берді ол.

Байден сонымен қатар АҚШ-тың ресейлік күштер Украинаға «таяу күндері» шабуыл жасауды, оның ішінде Киевке шабуыл жасауды жоспарлап отырғандарына «сенуге негіз бар» екенін айтты.

«Олар Украина астанасы Киевті, 2,8 миллион жазықсыз халқы бар қаланы нысанаға алады деп ойлаймыз», - деді АҚШ президенті.

Бұдан бөлек Америка президенті Ресейдің дипломатиялық шешім қабылдауына әлі де кеш еместігін айтып өтті.