Қоғам
«Ақ Берен» ЖШС Маңғыстау филиалының «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары республикалық орталық штабы» ЖШС қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Ладаға» сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер Маңғыстау облысының әкімі мен Прзидентке видеоүндеу түсіріп жолдады.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, олар айына 65-70 мың теңге алады (2022 жылғы ең төменгі жалақы 60 мың теңге).
«Осындай ақшаға шынымен өмір сүруге бола ма? Бір ай бұрын біз басшылыққа, тіпті президентке жалақыны көтеру керек деп жазғанбыз, бірақ бізді ешкім естімеді, енді амалсыз видео хабарлама түсіріп жатырмыз», - деді қызметкерлердің бірі.
Өрт сөндірушілер жалақыны 300 000 теңгеге дейін көтеруді талап етті.
Айта кетейік, жұмыс берушілер қарамағындағы 83 қызметкердің шағымына жауап берді.
«Мен басшы ретінде бүгінде олардың жалақысына отбасын асырау мүмкін емес екенін түсінемін. Сондықтан олардың көпшілігі демалыс күндері қосымша табыс табуға мәжбүр. Мәселені шешу үшін қазір «ҚазТрансОйл» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біз бір-бірімізбен түсінісіп кетеміз деп ойлаймын және мәселе жойылады деп сенемін», - деді жұмыс беруші.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.